+7 (7182) 34-89-93

"Жапалақтар мен балапандар" – қызықты ойын сәттері!

Бүгін арнайы кітапхана балабақша балаларына ерекше көңілді әрі танымдық – "Жапалақтар мен балапандар" ойынын ұйымдастырды.

Ойын барысында балалар топтарға бөлініп, түнгі жыртқыш құстардың мінезін салып көрсетті, қанат қағып ұшып, дыбыстарын салып жарысты. Бұл тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар моториканы, қиялды, танымдық қабілеттерді дамытуға бағытталған қызықты сәт болды.

Балалардың көзінен шаттық пен қызығушылық көрінді. Осындай ойындар арқылы олар табиғатты сүйіп, жан-жануарлар әлеміне қамқор болуды үйренеді.

Онлайн кім

Қазір 234 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр