+7 (7182) 65-01-29

Облыстық арнайы кітапханада «Альрами» клуб үйінің тәрбиеленушілеріне арналған Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті опера әншісі Әлібек Дінішевтің 75 жылдық мерейтойына орай «Әлібек Дінішев: саз бен сөздің үндестігі» атты танымдық музыкалық кеші ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар өнер саңлағының өмірі мен шығармашылық жолымен танысып, оның өмірбаянындағы қызықты деректерді білді. Сонымен қатар, әншінің қазақ музыка өнерінің дамуына қосқан зор үлесі туралы мағлұмат алды.

Іс-шара бағдарламасы мазмұнды әрі тартымды өтті. Қатысушылар музыкалық викторинаға белсене қатысып, «Музыкальное эхо» ойынында өз білімдері мен зеректіктерін көрсетті, тақырыптық жұмбақтарды шешіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған флешмобқа қатысты. Музыкалық кеш жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларды музыкаға, өнерге және еліміздің мәдени мұрасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке үндеді.

Осындай тағылымды шаралар қатысушылардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық мәдениетіміздің көрнекті тұлғаларына деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

Онлайн кім

Қазір 90 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр