+7 (7182) 34-89-93

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.

Ер азат, еңбек, ерлік, ер ерлікті,
Еңбектің өрнегімен жер көріпті
Мыңдаған Қазақстан күрескері
Жеңіске жеткізді елін, ерлер ері.

2017 жылдың 11 мамыр күні Облыстық арнайы кітапхана Қазақ соқырлар қоғамының асханасында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат!» атты тақырыптық кешін №24 ЖОБ мектебімен бірлесіп өткізді. Қонақта ауған соғысының және кеңес әскерінің ардагерлері болды. Әнші Марат Максилов пен оқушылар әскери әндер орындап, кеш қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.  

ҰОС қаза тапқан ардагерлерді «майдандық 100 граммен» еске алып, қонақтарға әскери ботқа ұсынылды.

«Қызыл ай» қоғамдық қоры мен Қазақстан  коммунистік халық партиясының мүшелері ардагерлерге  мерекелік дастархан жайып, сый-сияпат жасады.

Онлайн кім

Қазір 48 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр