+7 (7182) 34-89-93

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ауқымды түрде аталып өтуде. Бұл атаулы күн Қазақстан халқы үшін ерекше маңызға ие.  Осыған орай, кітапханада бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі бүгінгі «Соғыс жылдарындағы әндер» атты музыкалық кеш.

Іс шараға жиналған оқырмандар Ұлт қаһармандарын 1 минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті. Музыкалық кешімізді кітапхананың белсенді оқырмандары Б. Ибраева, В. Косович өздерінің соғыс туралы «Жеңіс жылдары» және «Посвящение деду» атты авторлық өлеңдерімен ашты. Кітапхананың тұрақты оқырмандарынан құралған Сәулем-ай ансамблі «Кестелі орамал», «Қаһарман Мәншүк» және «Жас Қазақ», ал «Радуга» хорының қатысушылары соғыс жылдарына арналған «День победы», «Огонек» әндерін орындап, кеш соңында кітапханашы Д. Жигомпар «Идет солдат по городу», «Катюша» әндерімен аяқтады. 

Атаулы мерекеге «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты тақырыптық кітап көрмесі қойылып, шолу жасалды.

Біз болашақ ұрпақ үшін, жер үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың ұрпақтарымыз! Ұрпағы үшін жанын пида еткен ер бабаларымызды мәңгілік ұлықтап өтеміз, Ұлы Жеңістің бағасы мәңгілік жадымызда сақталады!

Онлайн кім

Қазір 222 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр