Мүбәрәк Жаманбалиновтың 100 жылдығына орай «Алма ағашы» кітабының «Бақытты балалық» бөлімінің дыбыстық жазба нұсқасының тұсау кесері.
Жыл мерейтой иелерін атап өту мақсатында облыстық арнайы кітапхана Қазақ КСРнің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ертіс ауданының Құрметті азаматы, 100 жылдық мерейтой иесі Мүбәрәк Жаманбалиновтың «Алма ағашы» кітабының «Бақытты балалық» бөлімінің дыбыстық жазба нұсқасының тұсау кесерін өткізді. Шарада ақынның ұлы Жаманбалинов Талап Мүбаракұлы қонақта болып, ақынның өмірбаянынан қысқаша мәлімдеме жасап, өзінің жылы лебізін білдіре отыра М.Жаманбалиновтың Ертіс ауданы әкімдігінің қолдауымен шыққан «Өсиет» және дыбыстық жазба нұсқасындағы «Кітаптар топтамасы» кітаптарын кітапханамызға сыйға тартты. «Алма ағашы» кітабының «Бақытты балалық» бөлімінің дыбыстық жазба нұсқасының лентасы қиылып, кітапханамыздың белсенді оқырманы Аккузинова Бақжамал апа шашу шашты. Аталмыш кітаптың басылып шығуына үлес қосқан №9 гимназиясынан А.Абдукаликова, Ж. Болат, А. Нургамисова №7 арнайы мектеп-интернатынан С. Егоров, А. Сарсенова, М.Асылханов, А.Гайнетдинов, Р.Джумадилов , А.Бондарь, А.Карпанбаева №24 мектеп оқушыларынан Ж. Мамырбай, Н. Касимова сондай-ақ кітапхананың кішкентай оқырмандары Л.Буланов және Ш.Сансызбай қатысты және кітапхана әкімшілігінң Алғыс хатымен марапатталды. №24 мектептің «Әсем қоңыр» ансамблі Бейсен Сатиевтің жетекшілігімен «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлерін орындап, кітапханашы Ж. Жигомпар «Саржайлау» әнін орындады. №24 мектеп пен №7 арнайы мектеп-интернатына "Алма ағашы" дыбыстандырылған кітабы сыйға тартылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/m-b-r-k-zhamanbalinovty-100-zhyldy-yna-alma-a-ashy.html#sigProId3975a340fe