+7 (7182) 34-89-93

28-ші қыркүйек күні Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана төрінде М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов-абайтанушы ғылымның қалаушысы» деп аталатын (zoom) платформасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға Өскемен, Семей қалалық облыстық арнайы кітапхана әріптестері атсалысты.

Шара барысында Семей қаласының арнайы кітапханасынан әріптестеріміз, ақынның өмірбаяны мен ол кісіден тараған ұрпақтары жайында және Семей қаласының М.Әуезов музей-үйінің аға ғылыми қызметкері Гүлзат Тәңірберген дайындаған бейнебаянмен бөлісті.

Сонымен қатар Өскемен қаласының облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана әріптестері де өз өңіріндегі ақынның есімі мен аталатын көше, мәдени орталықтармен бейнебаян арқылы таныстырып көрсетті. М.Әуезовтың шығармаларының Брайль қарпімен басып шығарылғаны жөнінде де көрсетілді. Өскемен қаласының арнайы кітапхана қызметкерлері Абайдың «Көзімнің қарасы» мен «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін орындады.

Кітапханамыз М.Әуезовтың 125 жылдығына орай Брайль және аудио форматында шығарылған «Барымта» шығармасының тұсаукесерін жасап, кітап көрмесін ұсынды.

Онлайн кім

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр