Заманауи әлемде барлық жағынан алып қарасақ инулюзивті болып дамуда. Олай дегенім зағип болсын я саңырау болсын қандай да болмасын бойында кемшілігі бар еркеше жандарға барынша назар аударып, оларға қол жетімді дәрежеде жағдай жасалуда.
Бүгін арнайы кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың «Өскеніңді ел көрсін» атты қол жетімді форматтағы кітабының тұсау кесері өтті.
«Балалар оқиды» жобасы және көрнекті қазақ ақыны, аудармашы, әдебиеттанушы, балалар жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың жүз жылдық мерейтойы аясында «Өскеніңді ел көрсін» кітабы жарияланды.М.Әлімбаевтың ұлдарынан рұқсат алынып, бізбен авторлық келісімге қол қойылды.
Іс шараның шымылдығын М.Әлімбаев атындағы орта мектептің оқушысы Шорман Мөлдір "Маралдым" атты әуезді әнімен ашты. Сондай ақ іс-шараның басынан аяғына дейін ақынның кіші ұлы Баламер Мұзафарұлы «zoom»желісі арқылы тікелей байланыста болды.
Нүктелі-бедерлі және дыбысталған форматта жасалған кітаптың тұсау кесерінің, құтты қонағы ретінде Павлодар журналисті, ақын Садықов Жасұлан Бакиев арнайы шақыртылды. Сондай-ақ П. Васильев атындағы музей үйінің қор сақтаушы қызметкері Корешкова Татьяна Сергеевна ақын жайында ешбір жерде жазылып, айтылмаған құнды ақпаратпен бөлісті. М.Әлімбаев атындағы мектеп оқушылары Масағалиева Аяна ақынның нақыл сөзін нақышына келтіріп оқыса, ал Благининой Полина сыңғырлаған даусымен «Ақмаңдайлым» өлеңін шырқады.
Аудиокітапты жасау көп еңбекті қажет ететін және баяу процесс. Бір аудиокітапты құрастыру үшін бір немесе бірнеше ай көлемінде уақыт кетеді. Қиын дүниенің жағымды нәтижесін көргенде, әрі ол зағип жандарған арнап жаслағандықтан, жасалып шығарған істің зая емес екенін түсінесің.