+7 (7182) 34-89-93

Көкірегімнің үміті мен тілегі

Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.

Күн астында көк төбелер түледі —

Менің елім, менің елім — гүл елі!

Тәуелсіздік күніне орай, 24 жалпы білім беру мектебінде «Мүмкіндігі зор ел» атты патриоттық сабағы өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуын бір минуттық үнсіздікпен ашылды.

Бостандық, Отан және тәуелсіздік жайындағы диалогпен қатар, оқушылар «Тәуелсіздіктің қалыптасуындағы маңызды күндер» викторинасына қатысты.

Бұл сабақтың басты идеясы: Отанға деген сүйіспеншілік, үлкендерді құрметтеуден, кішіге қамқорлық жасаудан және әрқайсымыз жасай алатын қадамдардан басталады!

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр