+7 (7182) 34-89-93

2018 жылы 12 сәуірде облыстық арнайы кітапханада Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайымен бірлесе отырып, Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің араб және парсы тілдерін меңгерген фольклорист, этнограф, тарихшы, талантты ақынның 160 жылдығына арналған тарихи сағат өтті.

Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының директорының орынбасары Жүнісова М.Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өмірі туралы әңгімелеп берді, слайд-презентацияда әйгілі және аңызға айналған жерлесімізге тиесілі экспонаттар көрсетілді.

Онлайн кім

Қазір 66 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр