3 маусым күні Облыстық арнайы кітапхана ғаламтор желісіндегі парақшаларында күйші-композитор Махамбет Бөкейхановтың 130-жылдығына орай «Махамбет Бөкейханов» атты онлайн-ақпараты өткізілді.
Бұл ақпаратта Құрманғазы, Дәулеткерей, Әлікей, Салауаткерей, Сейтек т.б. халық композиторларының ондаған күйлерін біздің заманға жеткізген Махамбет Бөкейхановтың өмірбаяны мен қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі жайында айтылды.
Затаевич Бөкейхановтан “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” жинағына кірген “Байжұма”, “Бұлбұл”, “Ойбай, балам”, “Жошы”,“Шора”, т.б. 28 күй жазып алған. Бөкейхановтың өзі де бірнеше күй (“Жаңа ауыл”, “Би күйі”, т.б.) шығарған дарынды күйші.
1937 жылы 1 желтоқсанда саяси құғын-сүргінге ілігіп, ату жазасына кесілген. 1957 жылы ақталды.