2017 жылдың 14 ақпанында облыстық арнайы кітапхана қабырғасында «Масленичная ярмарка» атты мерекелік іс-шарасын өткізді. Мерекелік шараға «Радуга» вокалдық ансамблі қатысты (жетекшісі Д.Козлов).
Масленицаның әр-бір күні өзінше аталады. Дүйсенбі кездесуден басталады, жексенбі – қыспен коштасатын күн болады. Осылай, бір жұма тойлайды.
Масленица – құймақтардың және басқа да орыс халқының дәмдері мерекесі болғандықтан, мереке қонақтарына құймақтар, тоқаштар ұсынылды. Шарада түрлі ойын сайыстары, частушка сайыстары мен ән шырқалды. «Лакомка» күні тамаша өтті. Кітапхана «Масленица» халықтық мерекесін кеңінен атап өтті.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/maslenichnaya-yarmarka-2.html#sigProId95db1d853d