Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде 2009 жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Осы акцияның мақсаты – оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру.
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы Қазақ соқырлар қоғамынының Павлодар филиалы мен және Қазақстан халқының Коммунистік Партиясының Павлодар облысының өкілдерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 24 тамызында аталмыш акциясын дәстүрлі түрде өткізді. Акция аясында Қазақстан халқының Коммунистік Партиясының Павлодар облысының бірінші хатшысы Нугманова Гауhар Көкенқызының басшылығымен демеушілік көмек жасалып, зағип оқырмандардың отбасыларынан шыққан балаларға мектепке арналған құрал-жабдықтар сыйға тартты.
Бұл қайырымдылық шара балалардың және олардың ата – аналарының көңіл – күйін көтеріп өз мақсатына жетті. Қайырымдылық көмегі үшін ата-аналар демеушілерге алғыстарын білдіріп, жемісті жұмыс тіледі.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/mektepke-zhol-aktsiya.html#sigProId9da827cad8