+7 (7182) 34-89-93

Жақсылық жасауға асығайық!

Жаңа оқу жылы қарсаңында Павлодар облыстық арнайы кітапханасы Қазақстан халық партиясымен (ҚХП) бірлесіп, жыл сайын өздерінің жас оқырмандары үшін «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізді.

Оның мақсаты мүгедек оқырмандарымыздың балалары мен мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсету болды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының 23 баласына көмек көрсетілді.

Біз Қазақстан халық партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Жайлин Темен Тлеукенұлына ризашылығымызды білдіреміз.

Бұл акцияға бей - жай қарамағай, біздің оқырмандарымыздың отбасыларына қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет.

Біз сыйға тартқан кеңсе тауарлары балаларға пайдалы болатынына және қуаныш әкелетініне сенімдіміз.

 

Онлайн кім

Қазір 103 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр