+7 (7182) 34-89-93

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде 2009 жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Сол акцияның мақсаты – оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру. Осы жылы «Бақытты балалық шақ аумағы» ұранымен тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-на дейін өтіп жатыр.

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы Қазақ соқырлар қоғамынының Павлодар филиалы мен және Қазақстан халқының Коммунистік Партиясының Павлодар облысының өкілдерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 26 тамызында аталмыш акциясын дәстүрлі түрде өткізді.

Акция аясында «Көмек - ПВ» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрсұн Дәурен Қанатұлы демеушілік көмек жасап, тұрмысы төмен зағип  оқырмандардың отбасыларынан шыққан 10 балаға мектепке арналған құрал-жабдықтар сыйға тартты.

Бұл қайырымдылық шара балалрдың және олардың ата – аналарының көңіл – күйін көтеріп өз мақсатына жетті. Қайырымдылық көмегі үшін ата-аналар демеушілерге  алғыстарын білдіріп, жемісті жұмыс тіледі.

Онлайн кім

Қазір 128 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр