+7 (7182) 65-01-29

Облыстық арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен Павлодар қаласындағы «Альрами» клуб үйінде менталдық бұзылысы бар жандарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай танымдық-мерекелік іс-шара өтті.

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындаумен басталды. Кездесу барысында қатысушыларға Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінің тарихы мен маңызы туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ Павлодар қаласындағы Ауған жауынгерлері саябағының жанында орналасқан алып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы жөнінде қызықты деректер айтылды.
Кеш соңында қызықты сұрақ-жауап ойыны өткізілді.

Онлайн кім

Қазір 216 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр