+7 (7182) 34-89-93

2026 жылғы 4 маусымда облыстық арнайы кітапханада №26 ЖОМ мектеп лагерінің балаларымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер — ел мақтанышы: Павлодарда Ту көтерілген күннен бастап 15 жыл» атты танымдық сағат өтті.

Іс-шараның басты мақсаты оқушыларға патриоттық тәрбие беру, олардың Қазақстан мен туған Павлодар Ертіс өңірінің тарихы туралы ой-өрісін кеңейту. Кездесу ойын және танымдық түрде өтті. Алдымен кітапханашы балаларға елдің қазіргі Мемлекеттік Туы 1992 жылы 4 маусымда ресми түрде қабылданғанын еске салды. Павлодар қаласының Мемлекеттік рәміздер алаңындағы ту – өңіріміздегі ең үлкен байрақ екенін атап өткен. Оның ені 10, ұзындығы 20 метр және 40 метр биіктікте орналасқан.Биыл Павлодарда Ту көтерілген күннен бастап 15 жыл.

Іс — шараның маңызды көрнекі және ақпараттық орталығы кітапханада орналастырылған «Рәміздер-ел айбыны» кітап көрмесі болды. Кітапханашы балаларға ұсынылған әдебиеттерге толық шолу жасады. Оқушылар жарқын иллюстрацияланған кітаптарды, тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы энциклопедияларды, ҚР Конституциясын, сондай-ақ Елтаңба, Ту және Әнұран авторлары туралы баяндайтын альбомдарды қызығушылықпен қарады. Көрме материалдары балаларға тәуелсіздігіміздің басты рәміздерінің қалай жасалғанын көрнекі түрде көруге көмектесті.

Кітаптармен танысқаннан кейін балалар алған білімдерін барысында «Сіз рәміздер туралы не білесіз?» қызықты викторина өткізілді.