Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мен өз елімнің патриотымын!» атты өңіріміздің ақындары Арман Қани мен Сабиев Жанғабыл мен кездесу кеші өтті. Көрермен ретінде шақырылған кеш қонақтары Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің төртінші курс студенттері, болашақ ұстаздар.
Студенттерге патриоттық жөнінде сұрақтар қойылып, өздерінің пікірлерін білдірді.Патриот тақырыбында сөз қозғалып, қонақ кәде ретінде Арман Қани өз шығармаларынан қазақ еліне арналған өлеңін оқыды және Сабиев Жанғабыл қара домбырасын күмбірлете «Желтоқсан желі» өлеңін шырқады.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/men-z-elimni-patriotymyn.html#sigProId54d558c7fb