"Мерейлі отбасы" бағдарламасы негізін қолға ала, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында Облыстық арнайы кітапхана 13 қыркүйек күні «Мен және менің отбасым» атты іс шарасын өткізді. Сондай жарасымды тірлігі бар, көкірегі ояу зағиптар арасындағы жанұяларды үлгі ретінде көрсетуді, облыстық арнайы кітапханасы мерекелік іс шараға келген зағип жандарды «Кітапханалық отбасы» деген ұғыммен одан әрі жігерлендіре түсті. Осы іс шарада отбасылық тәлім-тәрбие мен туысқандық қатынастар жайлы мәқал-мәтелдер айтылып, өлеңдер шырқалды.
Үш топтан құралған отбасы көшбасшысыларына мадақтама мен медальдар табысталды.. Мереке шайханамен жалғасын тапты.