+7 (7182) 34-89-93

Бүгін облыстық арнайы кітапханасында алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына  арналған «Мен жастарға сенемін!» атты әдеби кеші өтті.

Әдеби кешке жиналған жас оқырмандарға ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасалды, жас оқырмандар назарына «Мағжан», «Батыр Баян» атты деректі фильмдер ұсынылды.

Іс-шара барысында белсенді жас оқырмандарымыз: Амантаева А, Өңгербаева Н, Ували А, Зейнулла Дана,  ақынның «Мен жастарға сенемін», «Өлең», «Туған жер», «Ана» атты өлеңдері  мәнерлеп оқыды және талқылады, кештің соны ұйымдастырылған «Жас қаламгер» атты кітап көрмесіне шолу жасалуымен аяқталды.

Онлайн кім

Қазір 64 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр