+7 (7182) 34-89-93

Қазақстанда жыл сайын дәстүрлі түрде Отбасы күні мерекесі аталып өтеді. Дәстүрлі қазақ қоғамында отбасы қастерлі саналды. «Ата – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ», деген халық мақалы ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеді.

Отбасында өзіндік тәрбие алған бала жылдар жылжи келе, өмірдің жаңа баспалдақтарына өтетіндіктен, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», деген мақалда да айдай анық  айтылды. Балаларын қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті саналады, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. 

Бүгін біздің кітапхана оқырмандарына арналған «Мерейлі отбасы» атты мерекелік кешіміз ұйымдастырылды. Осы мерекеге сай оқырмандармен әр-түрлі қызықты викториналар, жарыстар өткізілді. Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырмандары Лилия Қызынғашева мен Бейбіт Ақылбековтардың орындауында «Гори, гори, моя звезда...» и «Очаровательные глазки» әндері баян аспабының сүйемелдеуімен орындалды.

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасы қоғамдық құрылымның тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы биік, босағасы берік болсын!

Онлайн кім

Қазір 87 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр