Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және отбасы күніне арналған «Мерейлі отбасы» атты мерекелік кеші өтті. Мереке «Мерейлі отбасы» сайысы мен сазды әуенмен орын алды. Мерекелік кештің қонағы Жаукенова Дильнараның орындауында «Балбырауын» күйі және «Анаға арнау» әнімен дүр сілкіндіріп, кешіміздің көңілді өтуіне үлкен үлес қосты.
Сайысқа бақ сынауға Нұржановтар, Колесниковтар және Петрусёвтар отбасылары қатысты. Сайыс төрт кезеңнен құралды.
- 1. Өз отбасын таныстыру
- 2. Әдеби викторина
- 3. Салт-дәстүрді танып білу, өз отбасында қолдану
- 4. Үй тапсырмасы (шығармашылық нөмір)
Кеш соңында сайысқа қатысқан отбасылар «Отбасы дәстүрлерін сақтаушылар» «Хранители семейных традиции», «Өнерлі отбасы» «Творческая семья», «Ынтымағы жарасқан жанұя» «Дружная семья» номинацияларына ие болып, алғыс хатпен марапатталды. ҚХКП мүшелері кешіміздің сыйлы қонағы бола отырып, марапаттау рәсімінде өз үлестерін қосты. Кешімізге арналған «Жанұяның татулығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.