Бүгін 1 сәуір - Күлкі күні бүкілхалықтық бейресми мереке.
Басқа мерекелерден айырмашылығы сол, шығу тарихы белгісіз. Бұл күнді әр елде әртүрлі атайды екен. 1 сәуір – күлкі, әзіл - қалжыңға толы сонымен қоса өзгелерді алдау күні деп есептеледі. Бұл күні алданғаны үшін ешкім қабақ шытпайды және де жылдың ең көңілді мерекесі!Сол себепті де «Найди себя» клубы аясында облыстық арнайы кітапхана Альрами клуб үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл күй мен флешмоб ұйымдастырды. Сонымен қатар жалынды әуенмен «Макарена», «Опа гангам стайл», «Танец маленьких утят» билерімен бірге «Улыбка» әні де орындалып, шара соңында Альрами клуб үйінің тәрбиеленушілеріне іс-шара тақырыбына арналған мультфильмдер көрсетілді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/merekelik-is-shara-k-lu-b-l-k-n-emes.html#sigProId88d3ee1b1d