+7 (7182) 34-89-93

27 қазан күні Павлодар облыстық арнайы  кітапханасы белсенді оқырман, Павлодар Ертіс өңірінің ақыны, «Радуга» ансамблінің мүшесі, Қазақ зағиптар қоғамының  мүшесі – Валентина Харитоновна Косовичтің 75 жасының құрметіне  кеш өткізілді. Мерейтой иесіне деген үлкен ыстық ықыласпен және сүйіспеншілікпен құттықтауға келген қонақтар:  «Қазақ зағиптар қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы – Д.Қ.Қабдулов, Облыстық мәдениет және спорт жөніндегі басқармасының төралқа мүшесі  – Амиров С.Т., әріптес жазушылар, «Радуга» ансамблі.

Мерей той иесіне «Домовята» театр өнерінің әртістері  көркемдік жетекшісі – Баженова Жанна Манатқызы қатысумен мерекелік кеш  нұрлана түсіп, қуанышты көңіл күй сыйланды.  Сондай-ақ, В.Х.Косович шығармаларының кітап көрмесі ұйымдастырылып, оның өлеңдерінің жинақтары мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді форматта ұсынылды.

Ынтымақтастық пен тамаша өлеңдері үшін Валентина Харитовна Павлодар облыстық арнайы кітапхана басшысының  алғыс хатымен марапатталды.