Облыстық арнайы кітапханада оқырмандарға арнап, ақын жазушы, әдебиеттанушы Әзілхан Нұршайыховтың 100 жылдық мерей тойына байланысты «Өмір деректері» атты дауыстап оқу өтті. Ақынның өмірі мен еңбек жолы жайында тың ақпараттар мен бөлісті.
Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы желтоқсанның 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген.
Ақын 1941-1945 жылдары Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін 1949 жылы ҚазМУ-ды бітірді. Өмірінің соңына дейін жазушы қоғамдық өмірге, шығармашылық кештерге, оқырмандармен кездесуге белсене қатысты. Ә.Нұршайықов 2011 жылы 12 ақпанда өмірден озды.