+7 (7182) 65-01-29

7 тамыз күні кітапханада Юрий Петрович Аравиннің өмірі мен шығармашылығына арналған жылы әрі танымдық кездесу өтті. Юрий Петрович Аравин (1941–2025) — көрнекті қазақстандық музыкатанушы, музыка педагогы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол қазақтың ұлттық музыкалық өнерін зерттеуге, сақтауға және насихаттауға өлшеусіз үлес қосқан нағыз сөз бен өнер шебері.

Суретте — қордағы материалдармен: авторлық буклетермен, ноталық басылымдармен және «Өмірім — менің әуенім» («Жизнь — моя музыка») атты мазмұнды шығармашылық жол хроникасымен танысудың әсерлі сәті бейнеленген. Мұндай сәттер адамдарды біріктіріп, шабыттандырады және әрқайсымыз үшін өнердің жаңа қырларын ашады.