Облыстық арнайы кітапханасы Павлодар облысының қарттар мен мүгедектер орталығында қазақ опера әншісі, актриса және педагог Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай «Қазақ даласының бұлбұлы»
атты музыка салонында кезедесу кешін өткізді. Кештің қатысушылары әншінің өмір жолы және шығармашылықтарымен танысты. Б.Төлегенованың операдағы класикалық шығармаларынан үзінділер тыңдады. Кеш соңында тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/muzyka-salolynda-kezdesu-aza-dalasyny-b-lb-ly-bibigul-t-legenova-95-zhyl-2.html#sigProIdf5df307ab6