Облыстық арнайы кітапханада белгілі әншілер Мәдина Ералиева, Нағима Есқалиева, Бағдат Сәмединованың 65 жасқа толуына орай «Сүйікті әншілер» атты музыка салонында кездесу кеші өтті.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болғандықтан, бүгінгі кешті әнге арнадық.
М. Ералиева, Н. Есқалиева, Б. Сәмединованың өмірі мен шығармашылығы жайында айтылып, бейнебаяннан әндері қойылып тыңдалды.
Көп жылдар бойы сүйікті әншілер Қазақстанның жарық, ешкімге ұқсамайтын тұлғалары болып келеді.
Кітапхана қызметкері М.Махмудова әншілердің репертуарынан М.Ералиеваның «Айқаракөз», Н.Есқалиеваның «Іңкәрім-ай» әнін тамылжыта орындады. Оқырмандар жылы лебіздерін білдіріп, әнге бірге қосыла әуелете шырқады.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/muzyka-salonynda-kezdesu-keshi-s-jikti-nshiler.html#sigProIde02d0366ec