9 мамыр – Жеңіс күні – ұлы мерекелердің бірі, бұл күнді әлемнің көптеген елдерінде құрметтейді. Міне, осыдан 77 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Бейбітшілік аспан аясында өмір сүріп жатқанымыз - ол қазіргі ардагер жауынгерлеріміз бен бұл өмірден өткен батырларымыздың арқасында.
5 мамырда облыстық арнайы кітапхана Қазақ зағиптар қоғамымен бірлесе отырып, «Бұл Жеңіс күні!» атты музыкалық-әдеби кеш ұйымдастырды. Іс-шарада ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Жұмаділұлы Қасқабасов Ұлы Отан соғысының ардагерлері ата-апаларымызға алғысын білдіріп, келіп жеткен мейрамдарымен құттықтады. В.Х. Косович соғыс және бейбітшілік туралы өлеңдерден үзінді оқыды. «Сағыныш», «Көк тудың желбірегені», «Вдовы», «На позиции девушка», «Вот она милая роща», «Мадиярка», т.б. әндер орындалды.
Жеңіс күні ең ұмытылмас мерекелердің бірі және солай болыпта қала береді «Ер есімі- ел есінде» демекші, біз бұны мәңгі есте сақтаймыз.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/muzykaly-debi-kesh-b-l-zhe-is-k-ni.html#sigProIddbf3325ed1