Бүгін «Черноярка маржаны» демалушыларына арналған аймақта облыстық арнайы кітапхана Шафер мұражайының үйімен бірлесіп композитор, еңбек сіңірген өнер қайраткері Садық Кәрімбаевтың 105 жылдығына арналған «Есімде сол бір сазды әуен» атты және Қазақ КСР-інің және қазақ тіліндегі бедерлі - нүктелі шрифт авторларының бірі Ақан Қасымовтың 95 жылдығына орай арналған музыкалық кеш ұйымдастырды. С.Кәрімбаев пен А.Қасымовтың шығармашылық тарихымен таныстырылды.
Музыкалық кеште «Сәулем-ай» ансамблінің мүшелері мен кітапхананың белсенді оқырмандары С.Кәрімбаевтың, атап айтқанда Адамжанова Гүлнар қызы Айаримен «Ақтамақ» әнін, Жеңісгүл Молдабайқызы «Жеті су», «Дәрігер қыз» әндерін гитараның сүйемелдеуімен орындады.