Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері, әнші Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжановтың туылғанына биыл 85 жас толуына орай, облыстық арнайы кітапхана төрінде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен бірлесе музыкалық салонында кітапхананың тұрақты оқырмандары және Павлодар қалалық 24-ші орта мектебінің 8 «ә» сынып оқушыларына кездесу ұйымдастырылды.
Музыкалық салонда музей қызметкерлері Маржан Шайхимова әнші жайында тың ақпараттар мен бөлісіп, Сәуле Арынғазина, Дәурен Сләмғали және Назымгүл Шапағаттың орындауында халық әндерінен шашу шашылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/muzykaly-salonynda-kezdesu-khaly-s-jgen-azamat.html#sigProId5eaee33095