Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Қазақстан үшін бұл күн ерекше мағынаға ие. ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында жаппай саяси қуғын-сүргін болды. Бұл-еліміздің өткенінің ең қайғылы беттерінің бірі.
Қазақстан тарихындағы осы қайғылы күнге 30 мамырда арнайы кітапханада өткен Санжар Жапарұлы Асфендияров пен Мұхамеджан Тынышбайұлы жайлы «Ұмытылмас тағдырлар» еске алу сағаты өткізілді. Іс-шараға кітапхана оқырмандары шақырылды. Еске алу сағаты барлық қайтыс болғандар мен қуғын-сүргінге ұшырағандар үшін бір минуттық үнсіздікпен басталды. Қазақ халқының үлесіне түскен қиын кезеңдер, «Алаш» қозғалысының негізін қалаушылар - М.Тынышпаев пен С. Д. Асфендияров туралы айтылды. Іс – шара барысында «С. Ж. Асфендияров - ұлт мақтанышы» бейнеролигі көрсетілді. Кітапхана оқырмандары сол қиын кезеңді бастан өткерген жақындарының естеліктерімен бөлісті. «Ұмытылмас есімдер» атты кітап көрмесімен танысты.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/mytylmas-ta-dyrlar-eske-alu-sa-aty-2.html#sigProId90ccc4101b