Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Қазақстан үшін бұл күн ерекше маңызды. Жиырмасыншы ғасырдың отызыңшы жылдарында жаппай саяси қуғын-сүргін басталды. Қазақстан миллиондаған кеңестік азаматтар үшін депортациялау алаңына айналды. 22 мамыр күні арнайы кітапханада өткен «Ұмытылмас тағдырлар» еске алу сағаты, Қазақстан тарихындағы осы қайғылы күнге арналды. Бұл іс-шараға №24 мектептің оқушылары мен кітапхананың зағип оқырмандары шақырылды. Еске алу сағаты барлық қаза тапқан және саяси құғын-сүргін құрбандарына арналған бір минут үнсіздікпен басталды.
Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдер және қазақтың көрнекті саяси жəне қоғам қайраткерлері: М. Тынышбаев және С.Ж.Асфендияров туралы мәлімделді. Іс-шара барысында «С.Ж.Асфендияров – гордость нации» атты бейнеролик көрсетілді. Кітапхананың оқырмандары сол қиын уақытта аман қалған жақын адамдары туралы естеліктерімен бөлісті. Оқушылар сұрақтар қойып, «Ұмыттылшы есімдер» - «ұмытылмас атаулар» атты кітап көрмесімен танысты.
Іс-шараның мақсаты Қазақстанда тоталитаризм жылдары қуғын-сүргінге ұшырап зардап шеккендерді еске алу және құрмет сезімін оята отырып жадымызда сақтап, оны ұрпақтан-өскелен ұрпаққа жеткізу болып табылады.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/mytylmas-ta-dyrlar-eske-alu-sa-aty.html#sigProIdfbfc75e319