+7 (7182) 34-89-93

1 желтоқсан күні Қазақ соқырлар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының тігін цехының қызметкерлеріне арналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні туралы ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Кітапханашы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаянын, саяси жолдарын айтып берді.

1969 жылдан Партия қызметі басталды. Н.Ә.Назарбаев 1990 жылы сәуірде Жоғарғы Кеңесте Қазақ КСР Президенті болып сайланды, ал 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш жалпыхалықтық президенттік сайлауы өтті. 2005, 2006 және 2015 жылдары қайта сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қазақтың мемлекет және саяси қайраткері, 1991 жылдың 1 желтоқсаны мен 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстанның тұңғыш президенті болды.

Тәуелсіздік жылдарында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан болашаққа сеніммен қарайтын нағыз қуатты және сенімді мемлекетке айналды.

Бүгінгі таңда егеменді Қазақстанның қандай жолмен жүріп өткенін әртүрлі жолмен елестетуге болады, бірақ республика тарихында оның Тұңғыш көшбасшысының тұлғалық факторы шешуші мәнге ие болды.

Жауапкершілікті өз мойнына ала білу, ел дамуына нақты көзқараспен қарау және оны қорғай білу – тарихи тұлғалардың бұл ерекшеліктері тарихтың сындарлы, бетбұрыс кезеңдерінде халыққа аса қажет.

Онлайн кім

Қазір 79 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр