25 қыркүйек күні ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – Виктор Гаврилович Семерьяновтың туғанына 85 жыл толады.
Мерейтой аясында облыстық арнайы кітапхана зағип оқырмандары үшін Павел Васильевтің мұражай-үйінде «На Добрую память» атты поэзиялық-музыка кешін ұйымдастырды.
Шара барысында музей қызметкері Корешкова Т.С., оқырмандарды атақты жерлесіміздің қызықты өмірбаяндық деректерімен таныстырып, мұражайдағы шынайы және жайлы атмосферада дөңгелек үстел айналасында Виктор Семерьяновтың өлеңдері мен әндері шырқалды.
Автордың көзі тірісінде ұсынған көптеген аудиожазбалары мен музыкалық шығармалары өте құнды. Виктор Гавриловичтің гитараның сүйемелдеуіндегі жанды дауысына біздің оқырмандар оның музыкалық талантының жағымды ашылуына тәнті болды.
Сондай-ақ, кеш қатысушылары Семерьяновтың мұражай қорындағы жинақтарымен танысып, сүйікті өлеңдерін талқылап, ақынмен кездескен жеке естеліктерімен бөлісті.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/na-dobruyu-pamyat-poeziyaly-muzyka-keshi.html#sigProIdc18b188c11