+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапхана төрінде «Наурыз-көже» дайындау бойынша шеберлігін  көрсету рәсімі өтті. Наурыз көженің жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін № 24-ші мектептің 9 «ә» сынып оқушыларына  кітапхананың тұрақты оқырманы 1 топ көз мүгедегі Асия Күбетайқызы көрсетсе, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі қазақ салт-дәстүрінің бұрымды қыздарымызға тағылатын шашбау туралы, оны тағу мен  жасалу жолы мен ырымдары жайлы айтылып көрсетілді.

Іс шара соңында барша көрерменге наурыз көже мен ыстық бауырсақтан дәм татылды. Сонымен қатар бұл іс шара «Хабар 24» телеарнасында көрсетіліп, «kaznews»  электрондық ресурс беттерінде жарияланады.

Онлайн кім

Қазір 93 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр