+7 (7182) 34-89-93

Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Әр жыл сайын арнайы кітапхана Наурыз мейрамын ұлықтау мақсатында бұл мерекені атап өтуде. Бүгінгі таңда Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады.

Осы күні облыстық арнайы кітапханасы да тыс қалмай Көрісу күніне орай «Аталы сөз – баталы сөз» атты мерекелік концертін өткізді. 

Замандас ардагерлер клубының «Іңкәрім» вокалдық тобы көркемдік жетекшісі Ж. Қ. Балькеновтың сазсырнайда сүйемелдеуімен бірнеше ән шашуларымен оқырман назарын жаулады. Кітапхананың белсенді зағип оқырмандары А. Багдатова, Ж. Садыкова, Г. Адамжанова және Б. Тлешова музыкалық ән шашудың қарымтасын қайтарды. Концерт соңында кітапханашы Д. Жигомпар «Саржайлау» әнімен қортындылап, қазақи қонақжайлылықтың символы ретінде   Наурыз көже мен ыстық бауырсақтан дәм татырдық.

Онлайн кім

Қазір 49 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр