Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада «Наурыз – жыл басы» атты дауыстап оқу өтті. Зал шаңырақ стилінде көркемделіп, қабырғаларда (текемет) қолмен жасалған кілемдер ілінді. Наурыз мерекесінің тойлану тарихы мен басқа елдерде қалай тойланатыны туралы мағлұматтар ұсынылды.
Кітапханамыздың зағип ақыны В. Косович осы мерекеге арнап өз жинақтарынан өлеңдерін оқыды. Оқырмандар сұрақ-жауаптар сайысына қатысып, өздерінің үйлеріндергі сақталған салт-дәстүрлерімен бөлісті.
Жылсайынғы салт-дәстүрді сақтап кітапхана қызметкерлері дайындаған наурыз көжеден келген қонақтарымыз дәм татты. Шара соңында беделді оқырман, құрметті зейнеткер Е.А. Баяндин ағамыз ізгі тілектерін тілеп, сал-дәстүрге сай бата берді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/nauryz-zhyl-basy.html#sigProId2ac56a1307