Барша халқымызды ең ұлы мейрам, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүрегімізбен құттықтаймыз!
Кітапхана төрінде бүгін оқырмандарымыз қазақтың салт дәстүрін ұстана Наурыз думан әнімен шашу шашылып мереке шымылдығы ашылды. Сонымен қатар Тұсау кесу рәсімін өткізіп, оқырманымыз Г.Адамжанованың немересінің тұсауын ардақты ағамыз Аққулы ауданының құрметті азаматы С.Сатыбалдин кесті. Тұсау кесер әнін жергілікті ақын Б.Аккузинова шырқады. Торайғыров университетінің "Орындаушылық өнер" кафедрасының студенттері өнерлерін көрсетіп, оқырмандарымыз ән шашумен жалғастырды. Ақ сақалдан бата алған, құдайдың рахметіне жолығар дегендей Май ауданының құрметті азаматы Е.Баяндин ақ батасын берді. Ақ мол болсын деген ниетпен кітапхана қонақтарымызға Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татырды. Демеушілеріміз АО "СҮТ" компаниясы мен Гүлдерайым есімді апайымызға алғысымыз шексіз. Наурыз құтты болсын!
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/nauryzym-ba-ytym-shatty-ym-merekelik-kontsert.html#sigProIdccdd3fc58d