Ағымдағы жылдың 13 қазанында облыстық арнайы кітапхана Өскемен қаласының зағиптарға арналған облыстық кітапханасымен «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» тікелей желі ойының өткізді. Интеллектуалды ойын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Мүгедектер күніне арналған болғандықтан, ойынның тақырыптамасы Қазақстанның тарихына және тифлологияға (грек. "týphlos" - соқыр), байланысты болды. Оқу залында Қазақтан Республикасының Тәуелсізідігінің 25 жылдығына арналған «25» санының инсталляциясы кітаптардан жасалды.
Ойын алдында екі жақтын жүргізушілері өз топтарының мүшелерімен таныстыру өткізіп, кітапхананың тарихы туралы бейнероликтарын көрсетті. Содан кейің, зағип оқырман-ақындар тәуелсіздікке және Елбасыға арнап шығарған өлеңдерің оқып берді. Сазды үзілістерде «Екі жұлдыз» атты республикалық эстрада конкурсының дипломанттары, кітапхананың оқырмандары Адамжанова Гүлнар және Даирханова Меруерт өз өнерлерін көрсетті.
Ойынға қатысқан топ мүшелері оқырмандардың арасынан алты адамды құрады. Кезек бойынша ойыншылар сұрақтарға жауап беріп, ұпайлар жинады. Павлодар тобы бірінші рет ойнасада, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, ең үздік топ болып танылды. Оқырмандарға бұл қызықты ойын өте ұнағандықтан, олар келешекте осындай іс –шаралар жиі өткізілп тұруына тілектерін білдіре отыра жылы лебіздерін арнады.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/ne-ajda-ashan.html#sigProId84b90bc284