+7 (7182) 34-89-93

Ағымдағы жылдың 25 қазан күні Өскемен қаласының арныйы кітапханасымен «НЕ? ҚАШАН? ҚАЙДА?» атты интелектуалды-танымдық онлайн-ойыны өтті. Ойын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында және Республика күніне арналды.

Ойынға қатысушылар зағип және көзі нашар көретін оқырмандар. Ойын ережеге сәйкес дөңгелек үстел басында өтті және үстел үстіне хатқалтаға салынған сұрақтар қойылды.

Павлодардың «Білгірлер» командасының құрамында Леонтьева Е., Алидулина Н., Темирова Ж., Ануаров А., Альмуратов. және капитаны Ибраева Б.Қ құрады. Ойын барысында музыкалық үзілістер болды.

Павлодар қаласына арналған өзінің өленің оқырман және ақын Косович В. оқыды.

«Рухани Жаңғыру» аясында Бәйтерек пен білімге апаратын бұрандалы саты кітап инсталяциясы жасалып,  іс-шараның ажырамас бөлігі болды.

Кітапхананың оқырмандары келешекте Қазақстанның әр түрлі қалаларының кітапханаларымен қызықты онлайн-кездесулер өткізуге тілек білдірді.

Онлайн кім

Қазір 128 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр