+7 (7182) 34-89-93

Бүгін облыстық арнайы кітапхана «Черноярка Маржаны» демалыс аймағындағы демалушыларға Домбыра күніне орай Өнер Stars «Жан әлемі» атты концерттік бағдарламасын ұйымдастырды.

Белсенді де талантты оқырмандарымыз көрермендерге тамаша әндер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Сәулем-ай» ансамблі «Еділ мен Жайық», «Көзімнің қарасы», Еременко К. қазақ, орыс, итальян тілінде әндерімен көрермен көңілін жаулады ал, Даутбаев Б. «Ай мүсін» әнін орындап, домбыраның сүйемелдеуімен «Попурри» орындады. Алдамбергенов Ж. төл туындыларынан «Айжан қыз» т.б. әндерін және Б.Тлешова «Ассалаумағалейкум», «Просто так» әндерін шырқады. Бүгінгі күні оқырмандар арасынан екі дуэт құрылды. Олар Адамжанова Г. мен Еременко К. «Алло» әнімен, Алдамбергенов Ж. мен Даутбаев Б. «Еркем – ай» әнімен барша демалушылардың көз айымы болып көңілдерін көтерді.

Өнер Stars «Жан әлемі» демалушыларға аз да болса жылулық сыйлап, аз уақыт ішінде ғажайып музыка әлеміне жетеледі.

Онлайн кім

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр