Бүгін «Черноярка Маржаны» демалыс аймағында облыстық арнайы кітапхана демалушыларға арнап Өнер Stars «Жан әлемі» шарасын ұйымдастырды.
Белсенді де талантты оқырмандарымыз көрермендерге тамаша әндер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Сәулем-ай» ансамблі «Сағыныш», «Асылым-ай», Адамжанова Г. «Тобылғысы-ай», Қызылғашева Л. орыс, түрік, араб тіліндегі әндерін шырқаса, Еременко К. қазақ, орыс, итальян тілінде әндерімен көрермен көңілін жаулады ал, Даутбаев Б. «Ай мүсін» әнін орындап, домбыраның сүйемелдеуімен «Попурри» орындады.
Өнер Stars «Жан әлемі» баршаға аз да болса жылулық сыйлап, аз уақыт ішінде ғажайып музыка әлеміне жетеледі.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/ner-stars-zhan-lemi.html#sigProIdb4447549ef