+7 (7182) 34-89-93

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана Халықаралық соқырлар күні мен Қазақ соқырлар қоғамының 80-жылдығына орай 15 қараша күні АҚ ТАЯҚ КҮНІНЕ арналған мерекелік концертті өткізді.

Концертке қатысқандар: С.Торайғыров атындагы ПМУ Орындаушылық өнер кафедрасының және музыкалық колледж студенттері, Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаттың оқушылары; Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әртістері және № 82 арнайы бала-бақша тәрбиенушілері.

Шараға «Көз мүгедектеріне көмекке тифлотехника» атты көрме ұйымдастырылды.

Алғыс хаттармен көмек көрсеткен серіктестер мен демеушілерді, белсенді оқырмандарды марапатталық.