+7 (7182) 65-01-29

22 шілде күні көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері әрі дипломат Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына орай Павлодар облысы Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында кітапхана оқырмандарына арналған «Олжас Сүлейменов – замананың тұлғасы» атты поэзия сағаты өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар мерейтой иесінің өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысып, ақынның өлеңдерін оқыды. Арнайы кітапхананың белсенді оқырманы Б.К. Ибраева «Дос бейнесі» өлеңін әсерлі орындады. Кездесу соңында Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби викторина өткізіліп, қатысушылар өз білімдерін белсенді түрде көрсетті.

Онлайн кім

Қазір 30 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр