+7 (7182) 34-89-93

10 шы маусымда Қазақстанның халық әртісі Қайрат Әукенұлы Байбосыновтың 70 жасқа толуына орай, арнайы кітапхананың әлеуметтік желісінде онлайн ақпарат жарияланды.

Қайрат Әукенұлы Байбосынов 1950 жылы 1 маусымда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Алматы эстрада-цирк студиясын бітірген. әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

1969-1988 жылдары - «Гүлдер» ансамблінің әншісі әрі Алматы эстрада-цирк студиясының оқытушысы. 1988-1999 жылдары Алматы консерваториясының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры болған. Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры.

Ұмыт болған, сирек орындалатын әндерді халық арасына таратуда елеулі еңбек етті. Концерттік сапармен АҚШ, Жапония, Германия, Франция Испания, Италия, Бирма, Сингапур, т.б. елдерде болып, ұлттық өнерімізді шетел тыңдаушыларына танытты.

Халық әртісі жайлы видео бейне ақпаратымызды кітапхананың әлеуметтік желісінде Instagram, Facebook, Youtube парақшаларынан тамашалай аласыздар.

Онлайн кім

Қазір 93 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр