+7 (7182) 34-89-93

9 маусым күні арнайы кітапхананың әлеуметтік желілерінде Домбыра күніне «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» онлайн ақпарат ұйымдастырылды. Бұл мереке 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен рәсімделі.

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.

«Домбыра Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді. Домбыра - қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі деп айтуға болады. Ол Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатыр», - деді Елбасы

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында домбыра ұлттық мәдениеттің әлемде танымал болуының белгісіне айналды. ЮНЕСКО-ның шешімімен бұл ежелгі музыкалық аспап пен күй адамзаттың материалдық емес мұраларының тізіміне енді

Онлайн кім

Қазір 55 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр