+7 (7182) 34-89-93

22-ші шілде де Облыстық арнайы кітапхананың Instagram, Facebook, Youtube әлеуметтік желідегі парақшасында күйші-композитор, домбырашы, Тәттімбет Қазанғапұлының 205 жылдығына орай онлайн ақпарат жарияланды.

Тәттімбет Қазанғапұлы – қазақтың әйгілі күйші-композиторы, дәулескер домбырашы, күй өнеріндегі Арқа мектебінің негізін қалаушы. Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Дастар тауының етегінде дүниеге келген.

Қазақтың күй өнерінде Тәттімбеттің «Саржайлау», «Қосбасар», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Көкейкесті», «Бес төре» сияқты ондаған күйлері классикалық үлгідегі мұра ретінде ұлттың рухани мақтанышына айналған. Қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына Тәттімбет күйлерінің шапағаты зор.

Онлайн кім

Қазір 72 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр