+7 (7182) 34-89-93

26 қыркүйек күні Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы Бұхар Жырау атындағы мұражаймен бірлесе «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша және «Шабыт» клубы аясында қазақ халқының дүлдүл әншісі Ақан Сері Қорамсаұлының мерейтойына арналған «Оның аты Ақан Сері» атты музыкалық  кешін өткізді.  

Ақан Серінің таңғажайып шығармашылығымен таныстыра, оқырмандарға арқаның ардагері атанған Ақан сері – қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақтата жыр нөсерін ақтарып өткен ерекше дарын иесі, халқымыздың бойындағы тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат екендігін таныту мақсаты көздей отыра «Балқадиша», «Құлагер», «Маңмаңгер», «Мақпал», «Көкжендет», «Сырымбет» әндері орындалды.

Қорыта айтқанда, «Ақанның өзі өлгенімен, соңында өлеңі, әні, өмірінің шежіресі қалды. Өзгеге ұқсамас өмірі де, өнері де қазақ халқының мақтанышына айналды.

Онлайн кім

Қазір 80 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр