+7 (7182) 34-89-93

8 мамыр күні облыстық арнайы кітапханада Жеңіс күніне арналған «Отанға қызмет - абыройлы іс» атты әдеби-сазды кеш өтті. Оқырмандар «Ән арқылы фильмді тап» және «Без песни на войне труднее вдвойне» атты викториналарға қатысып, соғыс жылдарындағы әндерді еске алып, Ұлы Отан соғысына қатысқан жақындары туралы естеліктерімен бөлісті.

Белсенді оқырмандар Бағжамал Аққузинова, Серік Сатыбалдин, Валентина Косович және Балкен Ибраева әкелері мен әпке-қарындастарының ерліктері туралы айтып, батырлар рухына тағзым етті. Сонымен қатар, іс-шара тақырыбына арналған авторлық өлеңдерін оқыды.

Осындай кездесулер көпшілікті ерлік пен патриотизмді, бейбіт өмірдің қадірін ұмытпауға үндейді.