+7 (7182) 34-89-93

Жамбыл атамыз айтқандай «Ән –халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі».  Әнге деген сезімді сыйлаған, құрметтеген  оқырман қауым 17 шілде күні облыстық арнайы кітапхана төрінде ұйымдастырылған П.Чайковский атындағы Музыкалық колледжінің 60 жылдығына арналған музыкалық кешіне қатысты.

Кеш қонақтары: колледж оқытушылары Марачковская Ольга Николаевна, Артем Александров және колледждің түлегі Шилаева Александра Петровна, сонымен қатар «Альрами» клубының «Позитив» ансамблі. Кеш жылы естеліктермен, колледждің қалыптасу тарихымен, сондай-ақ керемет музыкалық сәлемдемемен  көркемделді.

Гитарамен керемет сазды әуендер тыңдалса, фортепианомен тамаша әндер айтылды. Ал «Позитив» ансамблінің орындауындағы «Музыка нас связала» әні оқырман қауымды бір қуантып, билеп те берді.

Онлайн кім

Қазір 72 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр